Пиз Аллан.Дене қимылы тілі. Ым-ишара арқылы адам ойын оқуға бола ма?

Бұл кітапта дене қимылдары мен ым-ишараттардың адам өміріндегі маңызы жайлы құнды ақпараттар берілген. Нақты дәлелдерге сүйеніп жазылған еңбекте күнделікті қайталанатын ым-ишараттарды дұрыс қабылдап, орынды қолдану жолдары ұсынылады. Адамның жүріс-тұрысы, қозғалысы, өзгелермен қарым-қатынасы арқылы ішкі күйінен қалай хабар беретіні ғылыми деректерге сүйене отырып, жеңіл тілде түсіндірілген.
Аллан және Барбара Пиздің бұл жаңа кітабы алғаш рет 1978 жылы жарық көріп, кейіннен 48 тілге аударылған, сондай-ақ жалпы тиражы 20 миллионнан асқан әлемдік бестселлер – «Дене қимылы тілі» еңбегінің негізінде жазылған. Кітаптың алдыңғы нұсқасымен салыстырғанда, бұл жолғы «өзгелердің ойын қимыл-қозғалысы арқылы оқуға арналған» ең танымал әрі беделді оқулық кез келген адамның жеке өмірі мен кәсіби қызметінің барлық қырларын қамтиды. Авторлар басылымды айтарлықтай кеңейтіп, толықтырған. Кітапқа әлемдік танымал тұлғалардың көптеген фотосуреттері енгізіліп, олар өзіндік «көрнекі құрал» ретінде пайдаланылған. Мұнда бірде-бір қимыл назардан тыс қалмаған! Бет-әлпет құбылысы (мимика), дене қалпы, өзін-өзі ұстау мәнері, жүріс-тұрыс, көзқарас – өзге адамдардың шынайы сезімдері мен ойларын оңай ұғынуға мүмкіндік беретін барлық дене қимылдарының толық шешімі әлемге әйгілі психологтардың осы жаңа бестселлерінде жинақталған!