Қобыланды батыр

Қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — «Қобыланды батыр» жыры. Аталған жыр көлемі жағынан да, мазмұны жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алады. Эпостағы қаһармандардың бойына адалдық, батылдық, әділдік секілді асыл қасиеттер жинақталып берілген. «Қобыланды батыр» жыры жас ұрпақтың алыс-жақынға деген көзқарасын қалыптастырып, туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін оятуға көмектеседі.

Беттер саны: 232