Соқпақбаев Бердібек. Менің атым Қожа

Көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың бұл кітабына «Менің атым – Қожа» атты оқырман қауым арасына кең тараған повесі еніп отыр. Онда ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез-құлық, арман-мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген. Кітап барша оқырманға арналады. Жазушының бұл повесі жазылғаннан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, өзінің ғажабын жоғалтпай келеді. Жыл сайын бесінші сыныпқа баратын жаңа ұрпақ Қожамен құрдас болып, оның сырласына айналып отырады.