Төрехан Зәуре. Санжар Асфендиаров кім?

Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаров – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог.
Санжар Жапарұлы Асфендияров 1889 жылы 20 қазанда Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкентте дүниеге келген. С.Ж.Асфендияров 1907 жылы жаратылыстану, математика пәндерін тереңдете оқытатын Ташкенттегі реалдық училищені бітірді. 1907-1912 жж. Санкт-Петербургтегі Әскери-медициналық академияда оқыды. С.Ж.Асфендияров – тұңғыш қазақ дәрігерлерінің бірі. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданда әскери дәрігер қызметін атқарды. 1919-1925 жж. Ташкентте басшылық лауазымдарды атқарды