Ұлы дала ертегілері

Ұлы дала ертегілерінің кейіпкерлері жердегі қыбырлаған құмырсқалардан бастап, көктегі жарқыраған жұлдыздарға дейінгі барша тіршілік иелерін қамтиды. Көп жұрт ертегі сонау бір өткен шақта бұлдырап қалды деп ойлайды. Негізінде солай. Тек бұл қазақ ертегілеріне тән құбылыс дей алмаймыз. Таңданарлығы сол: ерте, ерте, ертеде ауызша айтылып, елге тараған дүниелердің он-сан кейіпкерлері бүгінгі өмірде бізбен қатар өмір сүруде. Астанамыздың көркіне айналған Бәйтеректі алып қараңыз. Бәйтерек те, самұрық құс та ғасырлар тереңінен жетті емес пе?! Қиял-ғажайыптан бүгінгі өмір болмысына айналған мұндай мысалдар көптеп саналады.

Шығарылған жылы: 2022

Беттер саны: 288