Жакуп Оразхан.Орда. Ханның өрлеуі

Әлем екі технологиялық төңкеріс пен ядролық соғысты бастан өткерді.Қағанаттың шетсіз-шексіз даласында радиоактивті борандар үздіксіз соғады. Жағдайы жеткен адамдар қалаға жиналып, метеотолқындардан қоршау орнатты. Ал, қалаға жете алмағандар далада өлместің күнін көріп, күнделікті тіршілік үшін сөніп бара әлемімен күресуде.