Жер-жаһан ертегілері

Ертегі – әдебиеттің ең ежелгі жанрларының бірі, бірегейі, ауыз әдебиетінің іргетасы, негізі іспетті. Жылдарды, ғасырларды соңына қалдырып, халықпен бірге жасап келе жатқан ертегілерде ұлттың мәдениеті, тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, арман-мақсаты, ерекшеліктері мен мінез-құлқы да бар. Ертегілер ғасырлар бойы тәлім-тәрбиенің оқу құралы қызметін де атқарып келеді. Заманалар өзгеріп, қоғамдар алмасып жатса да, ертегілердің бүгінгі, тіпті келер ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі, ұсынар үлгі-өнегесі ескірмейді, уақытпен бірге жасай береді. Себебі сан ұлттардың ертегілерінде жалпы адамзатқа тән ортақ құндылықтар әр қырынан көрініс тауып, жинақтала келе тәрбиелік мәні зор құнды дүниеге айналады.

Беттер саны: 322