Akbota
Алматыда «Алматының жас жазушысы – 2026» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін Алматы қаласындағы А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Алматының жас жазушысы – 2026» қалалық байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Аталған байқау көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орай, сондай-ақ «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасы мен «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған маңызды мәдени алаңға айналды. Биылғы байқауға 14 пен 17 жас аралығындағы 171 оқушы қатысып, өздерінің әдебиетке деген көзқарасын, ой тереңдігі мен шығармашылық ізденісін көрсетті. Іс-шара барысында әдебиет пен мәдениет саласының көрнекті...
Алматыда кітапханашыларға арналған республикалық хакатон өтті
Бүгін Алматыдағы Alatau Creative Hub орталығында кітапханашылар арасында «KitapHack» атты республикалық хакатон өтті. Кітапхана ісін цифрлық тұрғыдан қайта пайымдау, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану бағытында өткен шараға еліміздің барлық өңірінен кітапхана саласының мамандары қатысты. Шара барысында қатысушылар топтарға бөлініп, заманауи кітапхана моделін қалыптастыруға, цифрлық құралдар арқылы қызмет аясын кеңейтуге және жаңа мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған жобалар әзірледі. Әр топ өз жобаларын таныстырып, ұсыныстар талқыланып, қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізілді. Бұл кітапхана саласындағы жаңа қызмет түрлерін дамытуға және цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірқатар тың ойлардың айтылуына мүмкіндік берді. Жиын аясында Т. Жүргенов...