Akbota
Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған әдеби кеш өтті
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада көрнекті ғалым, абайтанушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ұстаз бен шәкірт. Мұхтар мен Қайым. Рухани сабақтастық» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке ғалымның қызы, Білім берудің халықаралық дамуы саласындағы ғылым докторы, профессор, «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет» орталығының директоры Дина Қайымқызы Мұхамедхан, қоғам және мәдениет қайраткерлері, белгілі ғалымдар, әдебиеттанушылар, сондай-ақ Қайым Мұхамедхановтың шәкірттері мен ізбасарлары қатысты. Іс-шара аясында ұйымдастырылған «Қайым Мұхамедханов: Абайдың інісі, Алаштың ірісі» атты кітап көрмесіне Мұрат Әуезовтің жеке қорындағы және «Қайым Мұхамедханов атындағы білім...