Қазығұлов Шархан Нағметұлының «Күлпет» атты кітабының тұсаукесер рәсімі

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Қазақстан Жазушылар кітапханасында жазушы-публицист, «Mecenat.kz» әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты Қазығұлов Шархан Нағметұлының «Күлпет» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Бұл кітап 2022 жылы Mecenat.kz өткізген қазіргі Қазақстан туралы романдар конкурсында жеңімпаз атанған болатын.
Кітаптың тұсаукесеріне белгілі қаламгерлер, ақын-жазушылар, әдебиет зерттеуші ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және оқушы студент жастар қатысты.
Автордың қалың жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болған тілі шұрайлы, тынысы кең тосын туындысы, біздің де оқырмандарымыздың жүрегіне жол табады деп сенім білдіреміз.