Халықаралық «Балалар Жеңіс туралы» жобасына қатысушылардың жұмыстарынан Виртуалды галерея

Құрметті достар!

«Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы (Мәскеу қаласы), Владимир облыстық балалар мен жастар кітапханасы, сондай-ақ ТМД елдерінің кітапханаларымен – Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасымен бірлесе отырып, «Балалар Жеңіс туралы» халықаралық жобасын жүзеге асыруға қатысты.

«Балалар Жеңіс туралы» халықаралық жобасы – бұл 2025 жылдың 1 ақпанынан 31 наурызына дейін өткізілген «Балалар Жеңісті салады» атты акция. Акция аясында 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы оқиғаларына немесе қаһармандарына арналған балалар суреттері қабылданды.

Аталған акцияның Қазақстан аумағындағы үйлестірушілері Алматы қаласы ОКЖ болды. Оған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының 7 жастан 17 жасқа дейінгі оқырмандары қатысты. Барлығы 337 жұмыс қабылданды, солардың ішінен 25 үздік сурет таңдалып алынды.

Сіздердің назарларыңызға 25 баланың жұмысынан тұратын виртуалды галерея ұсынамыз. Суреттер әртүрлі техникада (майлы бояу, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаштар, бор және т.б.) А4 форматында орындалған.

Үздік 25 жұмысты іріктемес бұрын, Сараптамалық кеңестің мүшелері жұмыстарды акция Ережесіне сәйкес келесі критерийлер бойынша бағалады: тақырыпқа сәйкестігі, авторлық ойдың өзіндік ерекшелігі, кәсіби шеберлік деңгейі, тарихи шындыққа сәйкестігі (көркем әдебиет пен кинофильмдердегі әңгімелер мен повестерден, отбасындағы аға буын өкілдерінің естеліктерінен және т.б.), жұмыстың өз бетінше орындалуы.

Акцияның мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ Ұлы Отан соғысында түрлі ұлт өкілдері болған кеңес халқының ерлігі туралы тарихи жадты сақтау.

ФИО УЧАСТНИКА АКЦИИВОЗРАСТ УЧАСТНИКАНАЗВАНИЕ РАБОТЫ№ ФАЙЛ С РАБОТОЙ
1Малышева Руслана Сергеевна15Радость Победы1
2Чарыева Полина Рашидовна16Горечь утраты4
3Серікова Гаухар17Наша Алия8
4Матакбай Дарина8Спасибо тебе дед40
5Кошарная Ариана Дмитриевна16Последний рубеж47
6Андербаева Карина Санжарқызы14Эхо Великой войны128
7Баймуратова Бибинур Максатовна9Спасибо деду за победу139
8Марат Гүлназ14Жеңістің сәті158
9Ысқақ Зере13Ұлы жеңіс159
10Қабдуахит Фатима14Жеңіс160
11Омирзак Нурхан Жанатұлы11Память сквозь поколения174
12Ягай Руслан16В ожидании Победы181
13Садыков Артем11Сталинградская битва183
14Ордабаева Любовь Руслановна10Спасибо вам, солдаты, за победу!190
15Хамит Айсұлтан8Ерлік – елге мұра ұрпаққа аманат!192
16Бақыт Аян10Жеңіс жеміс215
17Азаматова Дарина12“Сын Полка”226
18Асылбек Мәулет12“Детство опаленное войной”234
19Закария Әдиет Серікбайұлы16Рисунок310
20Әбдіманап Дария Қанатқызы13Соғыстан қайтқан солдат321
21Рахматулла Раяна9Победа324
22Ким Герман Андреевич9“Дети рисуют мир”329
23Ким Эдвард Андреевич7“Теперь можно…”330
24Фрешер Дарья Дмитриевна179 мая332
25Мәткәрім Айша12Жеңіс күні255