Алматы Кітапханаларында «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағы талқыланды

Алматы Кітапханаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты таңдаулы ой-толғаулар мен қанатты сөздер жинағын талқылауға арналған кездесулер өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының еңбегінде көтерілген өзекті мәселелерді оқырман қауымға кеңінен таныстыру, кітаптағы негізгі ой-тұжырымдарды талқылау және олардың қазіргі қоғам дамуындағы маңызын саралау.

Іс-шаралар Қазақстан Жазушылар кітапханасында, А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада, Alatau Creative Hub орталығында, М.Әуезов атындағы кітапханада, №14, 29 кітапханада, Алматы Кітапханаларының Бельгер, 1Б және Розыбакиев 247/7 мекенжайындағы кітапханаларда ұйымдастырылды.

Аталған жиындарға Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, белгілі қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен мәдениет саласының мамандары, тарихшылар, саясаттанушылар, ардагерлер, жастар және кітапхана оқырмандары қатысты.

Басқосулар ақпараттық сағат, пікірталас алаңы, дөңгелек үстел және кітап таныстырылымы форматтарында өтті. Қатысушылар еңбек мазмұнындағы әділеттілік, ашықтық, адалдық, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік, білім мен еңбек құндылықтары, ұлттық құндылықтар, жастар саясаты, қоғамдық диалог және мемлекеттік басқару мәселелеріне тоқталып, ұлттық сананы қалыптастырудағы мәні сараланды. Талқылау барысында қатысушылар жинақтағы ойлардың бүгінгі қоғамдық үдерістермен сабақтастығына тоқталып, әділеттілік, жауапкершілік, адалдық пен елдік құндылықтардың маңызын атап өтті.

Кездесу барысында спикерлер кітапта қамтылған қоғамдық және мемлекеттік маңызы бар мәселелерге сараптамалық баға беріп, Мемлекет басшысы ұсынған бастамалардың елдің әлеуметтік-саяси және мәдени дамуымен сабақтастығына назар аударды. Сондай-ақ, мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты дамыту, қоғамдық құндылықтарды нығайту, жастардың ел дамуына үлесін арттыру және азаматтық жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды.