Алматы Кітапханаларында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті

Алматы қаласында, Алматы Кітапханаларының филиалдарында 7 және 9 мамырға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мәдени-танымдық бағдарлама аясында ерлік сабақтары, кездесу кештері, тарихи-әдеби жиындар мен тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Алматы Кітапханаларының филиалында (Бельгер көшесі, 1Б) жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, тәуелсіз елдің қадір-қасиетін ұғындыруға арналған «Еркін елдің ұланымыз» атты тағылымды кездесу кеші.

М.Әуезов атындағы кітапханада айбынды армиямыздың беделін арттыруға, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған «Отаным – бақыт ордасы» атты патриоттық кездесу.

№39 балалар кітапханасында халқымыздың ерлік дәстүрін ұлықтап, батырлар мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттауға арналған «Батырлық рухы – мәңгілік мұра» рухани-мәдени шара.

№30 балалар кітапханасында Қасым Аманжоловтың жауынгерлік рухқа толы шығармашылығын кеңінен насихаттайтын «Ұлы Отан соғысы туралы жыр» атты тарихи-әдеби кеш.

А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтап, жеңістің тарихи маңызын айшықтайтын «Мәңгі өшпес ерлік – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік шара.

Алмалы кітапханасында жеңіс күнінің тарихи мәнін ашып, соғыс батырларының ерлігін дәріптейтін «Жеңіс туы желбіреп…» тақырыбында тарихи сағат және Отанға сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық сезімді нығайтуға бағытталған «Мәңгілік елдің мәрт ерлері» атты ерлік сағаты.

Сонымен қатар, кітапхана сөрелерінде тарих пен ерлік шежіресін баяндайтын, оқырманға жеңіс күнінің мән-маңызын айқындайтын, батырлар ерлігін насихаттайтын бірегей кітап көрмелері өтті.

С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында тарихи жады мен ерлік шежіресін көркем әдебиеттер арқылы таныстыратын «Вехи памяти и славы» рухани көрме.

Алматы Кітапханаларының филиалында (Бельгер көшесі, 1Б) Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігін насихаттайтын «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты кітап көрмесі.

№33 балалар кітапханасында батырлар өмірі мен соғыс тарихына арналған әдебиеттерді таныстыратын «Ерлік үрпаққа  үлгі» атты танымдық көрме.

М.Әуезов атындағы кітапханада ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігі үшін күнделікті еңбегімен ерлік танытып жүрген жандарға арналған «Бейбіт күннің батырлары» атты библиоподиум.

Бұл іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, Отан алдындағы жауапкершілік пен батырлар ерлігіне деген құрметті нығайтуды көздейді.