«Алматының жас жазушысы – 2025» байқауы

«Алматының жас жазушысы – 2025» байқауына қатысу үшін қазіргі уақытта 141 жұмыс келіп түсті. Өтінімдер 2025 жылғы 9 сәуір сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы байқау қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар жазушының шығармалары негізінде фэнтези жанрында әңгімелер жазуы тиіс.
– Байқауға 15 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
– Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
– Өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: info@almatylibrary.kz
Жас қаламгерлерді байқауға қатысып, шығармашылық қабілетін ашуға және қайталанбас туындылар жазуға шақырамыз!
Байқау туралы толық ақпаратты almatylibrary.kz сайтынан немесе +7 705 906 12 79 телефоны арқылы біле аласыз.