ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: “КОНСТИТУЦИЯ-ЕЛДІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ”
28 тамыз күні А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай “Конституция – елдің Негізгі Заңы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қоғам қайраткері Бердалы Оспан, тарихшы-журналист Сүлейменов Арман, Алматы қалалық сотының судьясы Сәкенов Советхан, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері полковник Мұхамеджан Әбдібек, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Шынқуат Байжанов қатысты. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы хабардар ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық заңдар мен нормалардың орындалуын құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шараға қатысушылар 1995 жылы қабылданғаннан бері Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы мен эволюциясын талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар конституциялық құқық саласындағы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді, Қазақстандағы құқықтық жүйе мен конституциялық практикаға байланысты өзекті тақырыптарды талқылады.