Дөңгелек үстел: “Зорлық- зомбылық – қоғам қасіреті”
А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада “Зорлық -зомбылық – қоғам қасіреті” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара дағдарыс орталығы өкілдерінің, белсенділердің, ғалымдар мен БАҚ өкілдерінің назарын аударды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін талқылау ғана емес, сонымен қатар осы жағымсыз құбылысқа қарсы тұра алатын саналы қоғамды қалыптастыру. Дөңгелек үстелдің модераторы – мәдениеттанушы Бердалы Оспан болды.
Жиын барысында барысында жетекші сарапшылар мен қоғамдық көшбасшылар сөз алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшелері осы талқылауға белсенді түрде қатысты. Аналар кеңесінің Төрайымы Исраилова Махинур Вилямқызы әйелдердің күш-жігерін біріктірудің және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.
Сөз сөйлеушілердің қатарында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Ақмарал Дабыртайқызы да болды, ол Қазақстандағы әйелдер құқықтары үшін күрестің тарихи аспектілері туралы айтты және “Заң” журналының бас редакторы Түймегүл Ибашева да осындай мәселелерді журналистік тұрғыдан жариялау тәжірибесімен бөлісті.
Шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері іс-шараның маңызды болып табылды.
Іс-шарада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін шешуде қоғамның бірлескен күш-жігерінің маңыздылығы атап өттілді. Дөңгелек үстел барысындағы талқылаулар мен ұсыныстар зорлық-зомбылықтың алдын алу және тоқтату бойынша нақты қадамдарды әзірлеуге негіз болады. Алматы қаласы әйелдерді қорғауда әрекет етуге және зорлық-зомбылықсыз қоғам құруда бірлік пен дайындықты көрсетеді.