И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты мерекелік кеш өтті.

16 қазан күні сағат 13:00-де И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, мәдениет қайраткері, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты мереке өтті.

Кештің мақсаты – көрнекті қазақ жазушысы Б. Соқпақбаевтың бай мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа жеткізу, жазушының шығармалары арқылы балалар әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру.