Кітапханашы күніне арналған салтанатты іс-шара

Алматы Кітапханалар кәсіби мереке – Кітапханашылардың күніне орай кітапхана ісі ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Майлибаев Ғани Айдарұлы құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана ардагерлерін мерекемен құттықтап, қала мәдениетін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін оларға алғыс білдірді. Іс-шара барысында ардагерлерді кітапхана саласындағы көп жылғы еңбектері үшін Алғыс хаттармен марапаттау рәсімі болып өтті.
Осы түрдегі бұл шара алғаш рет болып өтті және барлық қатысушыларға жарқын әсер қалдырды.Ардагерлер үшін шығармашылық қойылымдар мен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Өз кезегінде Алматы Кітапханалары директоры Бектембаев Мейрам Еркенұлы Алматы Кітапханалары жанынан Ардагерлер кеңесін құру туралы бастама көтерді. Көпшілік тарапынан бұл ұсыныс қолдау тапты, аталған кеңес кітапхана саласының ардагерлері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, оларға кітапхана өміріне белсенді түрде қатысуға және жас мамандармен өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді.