Кітапханашылардың Ринат Зайытовпен кездесуі: кітапхана ісін дамыту басты назарда

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Рифхатұлы Зайытовпен кездесу ұйымдастырды. Бұл іс-шара еліміздегі кітапхана ісін дамыту, мәдени-ағартушылық қызметтің өзекті мәселелерін талқылау және кітапханашылардың қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өтті.
Кездесу барысында депутат Ринат Зайытов мәдениет саласындағы ағымдағы мәселелер мен олардың шешу жолдарына тоқталып, кітапханашылардың сұрақтарына жауап берді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – кітапханашылар мен заң шығарушы орган өкілдері арасында тікелей диалог орнатып, кітапхана жүйесін жетілдіруде өзара түсіністік пен қолдауды нығайту.