Мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды

3 тамыз күні А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшылығының, қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерінің және Мәдениет басқармасына қарасты мәдени мекемелер басшыларының қатысуымен отырыс болып өтті.

Аталған отырыс барысында Алматы қаласының мәдениет саласын бюджеттік қаржыландыру мәселелері талқыланды. Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлибаев Қоғамдық кеңес мүшелерін қаламыздағы мәдениетті дамытудың негізгі бағыттарымен таныстырды. Мәдениет мекемелері басшылары алға қойылған мақсаттар мен міндеттер туралы айтып берді. Қоғамдық кеңес мүшелері сөйлеушілердің пікірлерін тыңдап, аталған жоспарларды жүзеге асыру жөнінде бірауыздан қолдау білдірдіп, оның қала тұрғындарының жан-жақты дамуына және рухани өсуіне ықпал ететіндігіне назар аударды.