Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық реквием

6 мамыр күні №4 кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тарихи-патриоттық реквием өтті — «Ұлы Жеңіске мәңгілік даңқ, ардагерлерге құрмет».
Алмалы ауданының Ардагерлер кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылған бұл шара ұрпақтар сабақтастығын, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауынгерлік ерлікке деген құрметті көрсетті.
Шара аясында «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа үлгі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда сирек кездесетін басылымдар, соғыс жылдарындағы фотошежірелер, сондай-ақ Баубек Бұлқышев, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов сынды майдангер жазушылардың шығармалары қойылды. Қонақтар назарына «Ұлы ерлікке мәңгілік даңқ» атты презентация ұсынылып, жас оқырмандар ардагерлерге гүл шоқтарын табыстады.
Құрметті қонақтар қатарында Алмалы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов, оның орынбасары Серік Ахмедов, ІІМ мен ҰҚК полковниктері, Ауған соғысының ардагерлері мен еңбек ардагерлері болды.
№2 оқушылар үйінің жас өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдардың әсерлі өнер көрсетулері жиылған жұртшылықты тебірентіп, ерекше көңіл күй сыйлады.
Шара соңында Ұлы Отан соғысы қаһармандарына арналған музыкалық-поэзиялық композиция ұсынылып, ерлік, батырлық пен отансүйгіштік рухы насихатталды.
Бұл күн — ерлік пен батырлықтың, ұмытылмас тарихтың рухын сезіндірген ерекше сәттердің бірі болды.