Жазғы демалысты тиімді өткізіңіз: Алматы Кітапханалары тегін үйірмелерге шақырады

Жаз мезгілі – тек демалыс қана емес, жаңа қабілеттерді ашып, шығармашылықпен айналысып, қызықты уақыт өткізудің тамаша мүмкіндігі. Осы мақсатта Алматы қаласының кітапханаларында балаларға, жасөспірімдер мен ересектерге арналған тегін жазғы үйірмелер мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылуда.
Кітапханаларда шеберлік сабақтары, шығармашылық кештер, пікірталас алаңдары және білім беру бағдарламалары ұйымдастырылады. Үйірмелердің алуан түрлілігі әр адамға өзіне ұнайтын бағытты табуға мүмкіндік береді: әдеби танымдық клубтар, шет тілдері курстары, компьютерлік сауаттылық, шешендік өнер, актерлік шеберлік, сәндік-қолданбалы өнер, кітап оқу, шебер қолдар және тағы басқалар.
Шығармашылық қабілеттерін дамытқысы келетін балалар үшін дәстүрлі және заманауи қолөнер техникасын үйренуге мүмкіндік беретін сәндік-қолданбалы өнер үйірмелері ұсынылады. Мұндай үйірмелер И. Крылов атындағы балалар кітапханасында, Алматы Кітапханаларының Бельгер 1Б мекенжайындағы кітапханада №1, 14, 26, 33, 39, 44 кітапханаларда бар.
Білім бұлағы кітаппен сусындап, таным көкжиегін дамытқысы келетіндер үшін кітап оқу клубтары бар. Олар А.П. Чехов атындағы кітапханада, Alatau Creative Hub орталығында, С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында, Алматы Кітапханаларының Розыбакиев 247\7 мекенжайындағы филиалында және №1, 14, 24, 26, 32, 33 кітапханаларында өтеді.
Компьютерлік сауаттылық курсы №44 кітапханада ұйымдастырылған. Ол заманауи технологияларды қолдану негіздерін меңгеруге, цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға және түрлі бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын жақсартуға көмектеседі.
Тіл үйренгісі келетіндер үшін кітапханалар тегін курстар ұсынады. Қазақ тілін И. Крылов атындағы балалар кітапханада және № 39 кітапханадан үйренуге болады. Ағылшын тілі курстары И.А. Крылов атындағы балалар кітапханасында, Alatau Creative Hub-та, Алмалы кітапханасы және №30, 33 кітапханаларда өтеді. Сондай-ақ, Alatau Creative Hub-та және А.П. Чехов атындағы кітапханада қытай тілін меңгеруге мүмкіндік бар.
Ораторлық шеберлік пен сөз өнерін меңгергісі келетіндер үшін Alatau Creative Hub-та және И. Крылов атындағы балалар кітапханасында үйірмелер өтеді.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын жазды кітапханалармен бірге қызықты, мазмұнды әрі пайдалы өткізуге шақырамыз!
Үйірмелерге жазылу және қосымша ақпарат алу үшін кітапханаларға хабарласып немесе library.almaty ресми инстаграм парақшасына жазыңыз:
А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана – 8 708 218 4585
Мекенжай: Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 109
«Кітап талқы» кітап талдау клубы
(Айына 1 рет, дүйсенбі, 15:00; 18-20 жас)
«Chinese club» қытай тілін үйрету (Аптасына 2 рет, сәрсенбі, бейсенбі, 16:00; 12-16 жас)
“Contemporary English” ағылшын тілі курсы
(аптасына 1 рет, сейсенбі 20:00, 16+ жоғары)
И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы – 8 707 190 00 64
Мекенжай: Бостандық ауданы, Әуезов көшесі, 175
«Алтын қолдар» – сәндік-қолданбалы өнер үйірмесі
(Бейсенбі 10:00-12:00, Сенбі 10:00-12:00; 6-12 жас)
«Тіл – қазына» – қазақ тілі үйірмесі
(Сәрсенбі 12:00-13:00, Сенбі 10:00-12:00; 7-12 жас)
«Ертегі терапиясы»
(Сейсенбі 14:00-14:45; 4-6 жас)
«Сахна және сара сөз» актерлік шеберлік пен шешендік өнер үйірмесі
(Дүйсенбі 10:00-12:00, Сәрсенбі 10:00-12:00; 6-12 жас)
Alatau Creative Hub – 8 707 732 60 66
Мекенжай: Алатау ауданы, «Нұркент» ш.а, 5/11
Көркемсурет
(Сәрсенбі, жұма, 11:00-12:00, 15:00-16:00; 9-15 жас)
Қытай тілі курсы
(Сейсенбі, бейсенбі, 10:00-11:00; 15:00-16:00; жас ерекшелігі жоқ)
Көркем жазу
(Дүйсенбі, жексенбі, 11:00-12:00, 16:00-17:00; 5-10 жас)
Ағылшын ересектерге
(Сенбі, жексенбі, 14:00-15:00; 8-12 жас)
Кітап құмар
(Сейсенбі, бейсенбі, 16:00-17:00; 12-14 ж)
Сөз өнері
(Сейсенбі, бейсенбі, 10:00-11:00, 15:00-16:00; 10-15 жас)
Шахмат
(Бейсенбі, жұма, 11:00-12:00, 15:00-16:00; 7-14 жас)
Ағылшын тілі балаларға
(Дүйсенбі, сәрсенбі, 11:00-12:00, 7-10 жас)
С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы – 8 777 732 1594
Мекенжай: Медеу ауданы, Төле би көшесі, 27
«Қағазбен моделдеу»
(Әр сәрсенбі, 11.00; 6 жастан асқан бастауыш сынып оқушыларына арналған)
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы – 8 708 124 4444
Мекенжай: Алмалы ауданы, Назарбаев даңғылы, 43
«Q-planet» клубы
(Аптасына 1 рет, жас ерекшелігіне шектеу жоқ)
№1 кітапхана – 8 777 217 46 88
Мекенжай: Түркісіб ауданы, Толстого 36
«Әжемнің ертегісі» үйірме
(Айына 1 рет, 5-6 жас)
«Шебер қолдар» үйірме
(Айына 1 рет, 5-10 жас)
№14 кітапхана – 8 705 727 1611
Мекенжай: Бостандық ауданы, Римский-Корсаков, 3
«Қағаз-қайшы»
(Айына 2 рет, бейсенбі күні, 15:00; 7-15 жас)
«Оқырман» кітап клубы
(Айына 1 рет, бейсенбі күні, 18:00; 17-21 жас)
АРТ терапия
(Айына 2 рет, дүйсенбі күні, 12:00; 7-15 жас)
«TalantLivе» актерлік үйірмесі
(Айына екі рет, сейсенбі күні, 12.00; 10-16 жас)
№24 кітапхана – 8 775 599 0220
Мекенжай: Жетісу ауданы, Айнабұлақ 4, 174
«Сиқырлы қылқалам» сурет салу үйірмесі
(Ай сайын, 5-9 жас)
«Оқитын ұлт – кітап клубы»
(Ай сайын, 8-сынып)
«Ақпарат арнасы» – ақпараттық мәдениет пен цифрлық білім клубы
(Ай сайын, жас ерекшелігіне шектеу жоқ)
«StoryTime» – ертегі оқу
(Ай сайын, 3-5 жас)
№26 кітапхана – 8 707 942 6181
Мекенжай: Түркісіб ауданы, Сейфуллин даңғылы, 102
«Үміт әдеби клубы»
(Кварталда 1 рет, 14-16 жас)
«Шахмат» үйірмесі
(Кварталда 3 рет, 10-12 жас)
«Тоқыма» үйірмесі
(Кварталда 3 рет, 10-15 жас)
№30 кітапхана – 8 707 779 9769
Мекенжай: Түркісіб ауданы, Дөнентаев көшесі, 2А
Speaking club
(Айына 4 рет, Сенбі 11:00; 7-11 жас)
Клуб «Затейник»
(Айына 1 рет, Жұма 14:00; 7-11 жас)
№32 кітапхана – 8 747 171 8830
Мекенжай: Алмалы ауданы, Достық даңғылы, 42Б
«Лира» әдеби клубы
(Айына 1 рет, әр айдың соңғы бейсенбісі, 50-60)
№33 кітапхана – 8 705 203 8689
Мекенжай: Алмалы ауданы, Төле би, 160
«English Academic Club» ағылшын тілін үйрету курсы
(Айына 2 рет, сейсенбі 11:00; 8-13 жас)
«Ғажайып қолдар»
(Айына 1 рет, сәрсенбі 11:00; 7-12 жас)
«Ертегі оқып берейін»
(Айына 1 рет, бейсенбі 11:00; 6-10 жас)
№39 кітапхана – 8 747 806 2843
Мекенжай: Медеу ауданы, Достық даңғылы, 111/4
«Ғажайып бояулар» сурет үйірмесі
(Айына 2 рет, бейсенбі 15:00; 6-10 жас)
«Қазақша сөйлеп үйренейік» қазақ тілі үйірмесі
(Айына 2 рет, сенбі 11:00; 7-11 жас)
«Шебер қолдар» академиясы
(Айына 2 рет, сәрсенбі 15:00; 7-12 жас)
№44 кітапхана – 8 775 472 2329
Мекенжай: Алатау ауданы, «Томирис» ш/а, Центральная көшесі, 126
«Компьютерлік сауаттылық» үйірмесі
(Апта сайын, сәрсенбі, жас аралығына шектеу жоқ)
«Сиқырлы қағаз әлемі» үйірмесі
(Айына 2 рет, Сейсенбі, 5-13 жас)
«Ертегі терапиясы» үйірмесі
(Әр айдың соңғы жұмасы, 1 рет; 5-8 жас)
№45 кітапхана – 8 702 437 3176
Мекенжай: Әуезов ауданы, «Мамыр-7» ықшам ауданы, 8а
«Жүректен жүрекке»
(2 айда 1 рет; 60-80 жас)
Алматы Кітапханаларының филиалы – 8 747 582 3841
Мекенжай: Бостандық ауданы, Розыбакиев көшесі, 247/7
«Шамшырақ» кітап талдау клубы
(Айына 2 рет, Сейсенбі 20:00, 15-25 жас)
Алматы Кітапханаларының филиалы – 8 747 727 7101
Мекенжай: Наурызбай ауданы, Бельгер көшесі, 1Б
«Қылқалам» сурет үйірмесі
(Айына 2 рет, сәрсенбі 14:00-15:00; 7-12 жас)
«Ертегі мен экран»
(Айына 2 рер, 5-10жас)
«Шеберлік әлемі» қолөнер үйірмесі
(Айына 2 рет, сенбі/жексенбі 15:00-16:00 ; 7-12 жас)
“Көркем жазу”
(Айына 1 рет, 5-6 жас )