Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
Бауыржан Момышұлының балалық шағын баяндаған, өскен ортасын суреттеген өмірбаяндық шығармасы — «Ұшқан ұя» мемуарлық романы. Романда қазақ ауылының көрінісі, салт-дәстүрі, өмірлік ұстанымдары, дүниеге көзқарасы байыпты да терең бейнеленеді. Сонымен қатар он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған. Жазушы нақты материал арқылы қарапайым еңбек адамдарының қарым-қатынастарында туған түрлі ұлт өкілдерінің достығын көрсетеді.