Маурер Роберт. Өміріңді өзгертер қарыс қадам

Көпшілігіміз өмірімізді жақсартуға мүмкіндік беретін нақты мақсаттарға жетуді талай рет қиын, тіпті кейде мүмкін емес нәрсе деп қабылдадық. Темекіні тастау, салмақ жоғалту, мансапта өсу, үйде тазалық пен тәртіпті сақтау — миллиондаған адам жылдар бойы осындай өзгерістерді армандайды, бірақ қалағанына жете алмай келеді. Бұған көбіне өзгерістен қорқатын санадан тыс ішкі кедергілер себеп болады. Олар миымызды кез келген жаңа әрекетке белсенді түрде қарсылық көрсетуге бейімдейді. Алайда күрделі мақсаттарға жетудің және ауқымды өзгерістерді жүзеге асырудың сыналған тәсілі бар. Бұл — кайдзен әдісі. Оның негізгі қағидасы — мақсатқа өте кішкентай, бірақ тұрақты қадамдар арқылы біртіндеп жету. Жапонияда кайдзен қағидаларын Toyota сияқты ірі корпорациялармен қатар, қарапайым адамдар да күнделікті өмірде қолданады. Кітап авторы Роберт Маурер кайдзен әдісі арқылы өзгерістерге өзіңізді қалай дайындауға, оларға дұрыс көзқарас қалыптастыруға, өмірді қызықты етуге және жолдағы кедергілерді айналып өтіп, өз мақсаттарыңыз бен армандарыңызды жүзеге асыруға болатынын түсіндіреді.