Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырған жазушы Оралхан Бөкей тұтас ұрпақты сұлулыққа, адамдыққа, жақсылыққа іңкәр етіп тәрбиелегенді. Ізгілікке құштар қуатты қаламынан туған мәңгі өшпес шығармалары қалың оқырман қауымның айырылмас жансерігіне айналып, бағыт-бағдаршысы болып кетті. Ғұмыры ерте үзілген аса талантты жазушының бұл кітабына қазақ әдебиетінің тарихынан ойып орын алатын бірегей әңгімелері топтастырылып беріліп отыр.

Беттер саны: 256