Akbota
«Алматының жас жазушысы – 2025» байқауы
«Алматының жас жазушысы – 2025» байқауына қатысу үшін қазіргі уақытта 141 жұмыс келіп түсті. Өтінімдер 2025 жылғы 9 сәуір сағат 18.00-ге дейін қабылданады.Естеріңізге сала кетейік, биылғы байқау қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар жазушының шығармалары негізінде фэнтези жанрында әңгімелер жазуы тиіс.– Байқауға 15 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.– Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.– Өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: info@almatylibrary.kzЖас қаламгерлерді байқауға қатысып, шығармашылық қабілетін ашуға және қайталанбас туындылар жазуға шақырамыз!Байқау туралы толық ақпаратты almatylibrary.kz сайтынан немесе +7...
Алматы кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әдеби сағат өтті
Тарихи тағылым Алматы қаласының №4 кітапханасында ұйымдастырылған әдеби сағатта болды. «Ұлы Жеңіске — мәңгілік даңқ!» атты шара оқырмандарды жинап, батырларымыздың ерліктеріне толы өткенімізге тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қаһармандық жолын бейнелейтін шығармалармен танысып, сонымен қатар ардагерлермен жеке сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Өздерінің естеліктерімен Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов пен еңбек ардагері Серік Ахмедов бөлісті. Олар соғыс жылдарындағы қиындықтар мен майданда ерлік көрсеткен жолдастары туралы айтып берді. Қарулы қақтығыстар ардагері Оңғарбек Сыдықбеков 1969 жылғы Даманск аралындағы оқиғаларды еске түсірсе, Дуандар Умаров пен Роман Юн Ауған...
Алматы кітап жәрмеңкесінде жаңа басылымдар таныстырылды
Наурыз мерекесіне орай Алматы Кітапханалары Арбатта қала тұрғындары мен қонақтарына арналған кітап жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мұнда әркім өзіне қажетті әдебиетті сатып ала алады. Биылғы жәрмеңкеге Қазақстанның 14 жетекші баспасы қатысып, классикадан бастап заманауи бестселлерлерге, білім, өнер және мәдениет туралы еңбектерге дейінгі кең ауқымды шығармаларды ұсынды. Көпшіліктің назарын IT және жасанды интеллект саласының сарапшысы, журналист Мейіржан Әуелханұлының «Жасанды интеллект әліппесі» атты кітабының таныстырылымы ерекше аударды. Кітап жәрмеңкесі – тек жеке кітапханаңызды толықтыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар мәдени іс-шараның бір бөлшегі болу мүмкіндігі. Келушілер ақын-жазушылардың шығармашылығымен жақынырақ танысып, арнайы ұйымдастырылған әдеби кездесулерге...
Алматы кітап жәрмеңкесінде жаңа басылымдар таныстырылды
Наурыз мерекесіне орай Алматы Кітапханалары Арбатта қала тұрғындары мен қонақтарына арналған кітап жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мұнда әркім өзіне қажетті әдебиетті сатып ала алады. Биылғы жәрмеңкеге Қазақстанның 14 жетекші баспасы қатысып, классикадан бастап заманауи бестселлерлерге, білім, өнер және мәдениет туралы еңбектерге дейінгі кең ауқымды шығармаларды ұсынды. Көпшіліктің назарын IT және жасанды интеллект саласының сарапшысы, журналист Мейіржан Әуелханұлының «Жасанды интеллект әліппесі» атты кітабының таныстырылымы ерекше аударды. Кітап жәрмеңкесі – тек жеке кітапханаңызды толықтыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар мәдени іс-шараның бір бөлшегі болу мүмкіндігі. Келушілер ақын-жазушылардың шығармашылығымен жақынырақ танысып, арнайы ұйымдастырылған әдеби кездесулерге...
Наурыз Алматының Арбатында: кітап жәрмеңкесі мен шығармашылық кездесулер
Алматы Кітапханалары Арбатта Наурыз мерекесіне арнап бай мәдени бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шара қонақтары ұлттық дәстүрлер, шығармашылық және тікелей қарым-қатынас атмосферасына еніп, сондай-ақ кітап жәрмеңкесінде қажетті әдебиеттерді сатып ала алды. Бағдарламаның маңызды оқиғаларының бірі — актер және композитор Байғали Есеналиевпен өткен арт-кездесу болды. Ол өзінің шығармашылық жолы туралы айтып, өнер әлемінен қызықты әңгімелермен бөлісті. «Наурыз мен үшін жаңару символы. Бұл жаңа үміттер мен бастамалардың, жаңа көзқарастардың уақыты. Баршаға рухани жастықты сақтап, жаңа шыңдарға ұмтылуды тілеймін», — деп атап өтті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есеналиев. Сонымен қатар, «Киіз үй» кітабының авторы...
Алматыда мүгедектігі бар азаматтарға кітап жеткізу бойынша қайырымдылық жоба басталды
Бүгін, 15 наурыз – Қайырымдылық күні, Наурызнама онкүндігі аясында Алматыда мүгедектігі бар азаматтарға үйге кітапты тегін жеткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Енді кітап оқу – өздігінен кітапханаға бара алмайтын жандар үшін ыңғайлырақ болмақ. Жобаны Алматы кітапханалары қала әкімдігінің қолдауымен және Яндекс Go Доставка қызметімен бірлесіп жүзеге асыруда. 2025 жылдың мамырына дейін мүгедектігі бар азаматтар almatylibrary.kz сайты арқылы кітаптарға тегін тапсырыс бере алады, ал курьер қызметі оларды тікелей оқырмандардың есігіне дейін жеткізеді. Кітапқа қалай тапсырыс беруге болады?1. Алматы кітапханаларының сайтында кітап таңдау қажет;2. Сауалнаманы толтырып, мүгедектігі бар екенін растайтын құжатты...
«АЛМАТЫНЫҢ ЖАС ЖАЗУШЫСЫ – 2025» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
ЕРЕЖЕ Жалпы ережелер 1.1. «Алматының жас жазушысы – 2025» қалалық жыл сайынғы байқауының ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру комитетінің, қазылар алқасының және қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. 1.2. Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ, Қазақстан Жазушылар одағы және балалар әдебиетін дамытуға жәрдемдесу қоғамдық бірлестігі «Өркен». Ұйымдастырушылар байқауға оның мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын және өткізуге белсенді қатысатын басқа да заңды және жеке тұлғаларды тартуға құқылы. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері 2.1. Мақсаттары: Балалар мен жасөспірімдер арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, қатысушылардың сауаттылығын...
«Зара өз жолақтары туралы әңгімелейді» балалар кітабының таныстырылымы
3 наурызда сирек кездесетін аурулар туралы халықаралық күнге орай сіздерді ерекше кездесуге – Зара өзінің жолақтары туралы айтады атты балалар кітабының таныстырылымына шақырамыз. Бұл кітап бірегейлікті қабылдау мен сирек кездесетін аурулар туралы хабардарлықты арттыруға арналған.Сізді не күтеді?🔹 Белгілі цирк әртісі және жүргізуші Мурат Мутурғановтың Зара өзінің жолақтары туралы айтады кітабын әсерлі оқуы.🔹 Ерте диагностика, уақтылы терапия және отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету маңыздылығы туралы сарапшылармен ашық әңгіме.Бұл іс-шара сирек аурулары бар пациенттердің өмірі туралы көбірек білгісі келетін және оларға қалай көмектесуге болатынын түсінгісі келетін баршаға арналған. Кіру тегін!
«Елін сүйген ер тұлға»: Сүйінбай Аронұлының 210 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш
2025 жылғы 20 ақпанда А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің дарабозы Сүйінбай Аронұлының 205 жылдығына арналған «Елін сүйген ер тұлға» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, әдебиет және өнер өкілдері қатысты. Кеш қонақтары қатарында жазушы, ҚЖО мүшесі Нағашыбек Қапалбекұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Махаббат Бигелді, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ақан Әбдуәлі, сондай-ақ Сүйінбай Аронұлының ұрпағы Үсен Дайырбаев болды. Сонымен қатар, кештің сәнін дәстүрлі әнші, Мәдениет саласының үздігі Мақпал Қазыбекқызы кіргізді. Кеш барысында Сүйінбай Аронұлының шығармашылығы, оның қазақ поэзиясындағы орны мен...
«Атамекен» ән-жыр кеші: Ескендір Хасанғалиев мұрасына арналған мәдени шара
Қазақстан Жазушылар кітапханасында қазақ музыка өнерінің жарқын тұлғасы, Халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған «Атамекен» атты ән-жыр кеші өтті. Кешке №4 зағип және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың оқушылары, кітапхана оқырмандары және өнерсүйер қауым қатысты. Жүргізушілер Бағлан Әбдікәрім мен Аружан Сламбек композитордың өмір жолына шолу жасап, оның еңбектерімен таныстырды. Кеш қонақтары жазушы, ғалым, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш, балалар жазушысы Қанат Қайымов болды. Олар композитордың қазақ музыкасына қосқан үлесі, шығармашылығы туралы қызықты естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында «Гүл сезім», «Айналдым сені», «Анаға...