Akbota
Алматыда жаңа форматтағы 31-ші қалалық кітапхана ашылды
Бүгін Алматы қаласында қала әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен жаңа кітапхананың салтанатты ашылуы өтті. Жаңа нысан қаланың 31-ші кітапханасы болып, оқу дәстүрінің құндылықтарын цифрлық технологиялармен, заманауи біліммен және кең ауқымды ақпараттық ресурстармен үйлестірген мегаполистің мәдени жаңғыруының символына айналды. Кітапхананың ашылу салтанатына Алматы қаласының тұрғындары, қала басшылығының өкілдері, белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері және мәдени қауымдастық өкілдері қатысты. Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов құттықтау сөз сөйлеп, қаланың әр ауданында мәдени орталықтар мен кітапханаларды ашу – әлеуметтік инфрақұрылымды барлық тұрғындар үшін қолжетімді етуге бағытталған маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті....