Akbota
Алматыда тағы бір сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
Бүгін Алматыда Қала күніне орай Алмалы ауданындағы «Асыл» сауда орталығында қалалық кітапханалардың жаңа кітап беру пункті ашылды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқитын ұлт» жобасы аясында қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Бастаманың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының кітапқа қолжетімділігін арттыру, кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру және оқу мәдениетін дамыту. Кітап беру пунктінің ашылу салтанатына Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Олжас Құрманбекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Бейбіт Сарыбай, журналист, жазушы Баян Болатханова, мәдениет саласының өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында зиялы...
Алматыда 3 мыңнан астам бірінші сынып оқушысына кітап сыйға тартылды
1 қыркүйек – Білім күніне орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Орталықтандырылған кітапхана жүйесі дәстүрлі «Бірінші сынып оқушыларына – кітапханадан сыйлық» акциясын өткізді. Биыл акция аясында Алматының сегіз ауданындағы 22 мектептің 3 мыңнан астам бірінші сынып оқушысына балаларға арналған кітаптардан құралған арнайы сыйлықтар топтамасы табысталды. Акцияның мақсаты – балалардың алғашқы мектеп күнін қуанышқа бөлеу, оларды кітапхана әлемімен таныстыру және ерте жастан кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. «Баланың мектептегі алғашқы қадамы кітаппен басталса, бұл оның білімге, оқуға және ізденуге деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Біз әр баланың кітаппен достығын ерте жастан...
Алматы Кітапханаларының жазғы буккроссинг сөрелері өз жұмысын аяқтады
Алматыда жазғы демалыс кезінде саябақтарда ұйымдастырылған буккроссинг сөрелері өз жұмысын аяқтады. 1 маусымнан бастау алған жоба қала тұрғындары мен қонақтарына ашық аспан астында кітап оқуға және кітап алмасуға мүмкіндік берді. Буккроссинг сөрелері Қарағайлы, Мақатаев және Ганди саябақтарында орналастырылып, үш ай бойы кітапсүйер қауым үшін қолжетімді оқу және кітап алмасу алаңына айналды. Үш айдың қорытындысы бойынша сөрелердегі жалпы кітап қоры 5 мыңға жуық кітапты құрады. Осы кезеңде буккроссинг сөрелеріне 6 мыңдай оқырман келіп, олардың 2 мыңға жуығы кітаптарды үйге оқуға алды. Сонымен қатар, оқырмандар оқып болған кітаптарын қайтадан сөрелерге әкеліп, қордың...