Akbota
Алматыда жазғы буккроссинг маусымы басталады: тұрғындардың зияткерлік демалысына жаңа мүмкіндік
Алматы – мәдениет пен заманауи қалалық бастамалар тоғысқан мегаполис. Қалада тұрғындардың зияткерлік демалысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған қоғамдық жобалар жыл сайын артып келеді. Солардың бірі – ашық қоғамдық кеңістіктерде ұйымдастырылатын жыл сайынғы жазғы буккроссинг алаңдары. Биыл да қала саябақтарында арнайы кітап сөрелері орнатылып, тұрғындар мен қала қонақтары сүйікті кітабын еркін алып оқып, кейін оны басқа оқырманмен алмастыра алады. Бұл қарапайым ғана бастама серуенді мазмұнды демалысқа айналдырып, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етпек. 1 маусымнан бастап жазғы кітап сөрелері Ганди саябағында, Қарағайлы саябағында, М. Мақатаев саябағы мен Центральная көшесі, 12Б мекенжайында...
Алматыда ұлт руханиятының көрнекті өкілі Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған халықаралық әдеби-ғылыми конференция өтті
Бүгін Алматы қаласында Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада Қазақстанның көрнекті ақыны, жазушысы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған халықаралық әдеби-ғылыми конференция өткізілді. Ұлт руханиятының мерейтойына арналған жиынға белгілі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары Игорь Крупко, жазушы Бигелді Ғабдуллин, «Простор» журналының бас редакторы Фархат Тамендаров, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры Диар Қонаев, сондай-ақ мәдениет және әдебиет саласының өкілдері, отандық және шетелдік ғылыми және шығармашылық қауымдастық мүшелері қатысты. Шара барысында Қазақстан Ғылым академиясы, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Матыжанов өз құттықтауын жолдады:«Олжас Сүлейменов...