Akbota
Карим Мутургановпен сиқырлы кеш
29 қаңтар күні Алматы Кітапханаларында Карим Муратович Мутургановпен фан кездесу кеші өтті. Карим Мутурганов — суретші, режиссер, сайқымазақ, сиқыршы, сондай-ақ балаларға арналған «Мутурганчики» тобының авторы, көркемдік жетекшісі және продюсері. Бұл ерекше кеште балалар көңілді әрі сергек күйде болды, олар өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезініп, көптеген қызықты сәттерге куә болды. Шығармашылық кездесуде балалардың қызығушылығы артты, олар өнер мен сиқырдың ғажайып әлеміне сапар шекті.
Кітапханашылардың Ринат Зайытовпен кездесуі: кітапхана ісін дамыту басты назарда
Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Рифхатұлы Зайытовпен кездесу ұйымдастырды. Бұл іс-шара еліміздегі кітапхана ісін дамыту, мәдени-ағартушылық қызметтің өзекті мәселелерін талқылау және кітапханашылардың қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өтті. Кездесу барысында депутат Ринат Зайытов мәдениет саласындағы ағымдағы мәселелер мен олардың шешу жолдарына тоқталып, кітапханашылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – кітапханашылар мен заң шығарушы орган өкілдері арасында тікелей диалог орнатып, кітапхана жүйесін жетілдіруде өзара түсіністік пен қолдауды нығайту.
И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты мерекелік кеш өтті.
16 қазан күні сағат 13:00-де И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, мәдениет қайраткері, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты мереке өтті. Кештің мақсаты – көрнекті қазақ жазушысы Б. Соқпақбаевтың бай мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа жеткізу, жазушының шығармалары арқылы балалар әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру.