Akbota
Алматыда алғаш рет сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
Алматы қаласы Жетісу ауданындағы «Adem» сауда орталығында қалалық кітапханалардың кітап беру пункті ашылды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқитын ұлт» жобасы аясында қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – қала тұрғындарының кітапқа қолжетімділігін арттыру, кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру және оқу мәдениетін дамыту. Аталған шараға белгілі қаламгер Нұрдәулет Ақыш, ақын Бақыт Беделхан, айтыскер-ақын Серік Қали, ақын Мұратхан Шоқан, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы және мәдениет саласының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Жаңа нысанның шымылдығын Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы мен жазушы Нұрдәулет Ақыш ашты. Игі...
10 тамыз – Абай күні: Алматы Кітапханалары Абай күніне орай бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырады
10 тамыз күні Қазақстанда ұлы ақын, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы әрі қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының туған күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай 7–10 тамыз аралығында Алматы Кітапханаларында ақынның мол мұрасын дәріптеуге бағытталған әдеби-танымдық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында әдеби жыр кештері, Абай оқулары, әдеби-сазды кештер, поэтикалық кештер, танымдық сағаттар, дөңгелек үстелдер, әдеби подиум және портрет кеші өтеді. Мерекелік іс-шаралар Абайдың әдеби, музыкалық әрі рухани мұрасын насихаттауға, сондай-ақ өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған. Назарларыңызға Алматы қаласында Абай күніне орай өтетін негізгі іс-шараларды ұсынамыз. 7 тамыз 10:00,...
Алматыда «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби кеш өтті
Бүгін А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – Абай Құнанбайұлының бай әдеби мұрасын, терең философиялық ойларын және рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұлы ақынның өнегелі жолын үлгі ету және Абай дәстүрін жалғастыратын жастардың қатарын арттыру. Әдеби кешке филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Алшынбекұлы, ғалым, қоғам қайраткері Асылы Осман, Алматы қаласы Төтенше...