Akbota
«Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының шамшырағы»
2026 жылдың 21 қаңтар күні Қазақстан Жазушылар кітапханасында ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлт руханиятының шамшырағы – Қайым Мұхамедханов» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шара Қайым Мұхамедхановтың ғылым жолындағы еңбегін саралау, ғалым есімін дәріптеуге бағытталған. Іс-шараға профессор, PhD доктор, «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық ұйымының директоры Дина Мұхамедхан, әдебиеттанушы-ғалым, профессор Серікқазы Қорабай, әдебиеттанушы-ғалым, ф.ғ.д., профессор Гаухар Балтабаева, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Алуа Таңжарықова, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты, Қайым Мұхамедханов туралы еңбектердің авторы Найля Тажикбаева, ақын, жазушы, Қайым...
Алматыда қалалық кітапхана жанынан жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды
Бүгін Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жанынан жастарды, креативті қауымдастықтарды және білім мен инновацияға ұмтылған қала тұрғындарын біріктіретін «American Space & Makerspace» жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды. Аталған орталық қала әкімдігінің, АҚШ Елшілігі мен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының, сондай-ақ жергілікті серіктес ұйымдардың қолдауымен ашылды. Жоба қала тұрғындарының білім алу, шығармашылықпен айналысу және заманауи технологияны меңгеру мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық мәдени және білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. Салтанатты рәсімге Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін,...