Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР:
Іздеу
Қазақ тілі
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Электронды кітапханаға кіру
    • Басты бет
    • Біз туралы
      ТарихыЖобалар
    • Филиалдар
      Филиалдар картасыКітапхана филиалдары туралыӨзін-өзі қызмет көрсететін автономды кітапханаларВиртуалды турЖұмыс тәртібі және байланыс нөмірлері
    • Кітап каталогы
    • Оқырмандарға
      Қалай жазылуға болады?Оқу залдарыҚызметтерКөру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кітапханалық қызметтер
    • Оқиғалар
      Оқиғалар күнтізбесіЖаңалықтар
    • Байланысу
      ӘкімшілікФилиалдар
    • Электронды кітапхана
    • 24/7 кітапханалар

    redactor redactor

    Дөңгелек үстел: “Зорлық- зомбылық – қоғам қасіреті”

    А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада "Зорлық -зомбылық - қоғам қасіреті" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара дағдарыс орталығы өкілдерінің, белсенділердің, ғалымдар мен БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Дөңгелек үстелдің мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін талқылау ғана емес, сонымен қатар осы жағымсыз құбылысқа қарсы тұра алатын саналы қоғамды қалыптастыру. Дөңгелек үстелдің модераторы - мәдениеттанушы Бердалы Оспан болды. Жиын барысында барысында жетекші сарапшылар мен қоғамдық көшбасшылар сөз алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшелері осы талқылауға белсенді түрде қатысты. Аналар кеңесінің Төрайымы Исраилова Махинур...

    Толығырақ

    Алматы Кітапханалары мен С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Бұл шешім мәдени және білім беру саласын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Меморандумға Алматы Кітапханалары директоры - Мейрам Бектембаев және С. Баишев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры - Хакимова Сұлушаш ресми түрде қол қойды. Қол қойылған меморандум шеңберінде тараптар кітапханалардың ақпараттарымен және ресурстарымен алмасуды, қазақстандық қоғамда оқуды дәріптеу мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бірлескен күш-жігер сонымен қатар кітапхана процестерін ұйымдастыруды жетілдіруге және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи әдістемелерді әзірлеуге бағытталатын болады. Бірлескен қызметіміз кітапханаларымыздың дамуын жаңа деңгейге көтереді деген сенімдеміз!

    Толығырақ

    Алматы Кітапханалары алғаш рет оқырмандарды қашықтан тіркеу туралы бастама көтерді

    Цифрлық технологиялар мен өмірдің жылдам даму дәуірінде кітап оқу мәдениетінің уақытпен қатар жүруі маңызды. Осы тұрғыда Алматы Кітапханалары «Ұлы Жібек жолы – 2023» халықаралық көрмесінде - оқырмандарды қашықтан тіркеу туралы инновациялық бастаманы ұсынды. Көрме барысында өткен іс-шарада 500-ге жуық келуші арнайы сыйлықтар алды: танымдық кітап және комикс. 200 адам онлайн тіркеліп, Алматы Кітапханаларының оқырман билеттерін алды. Алматы Кітапханалары қала тұрғындары үшін кітап оқуды ыңғайлы әрі қолжетімді ету үшін бұл жобаны қала ауқымында одан әрі белсенді түрде дамытуды жоспарлап отыр.

    Толығырақ

    Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен Алматы Кітапханалары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен Алматы Кітапханалары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл шешім мәдениет және білім саласын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Меморандумға «Қазақстан Республикасы Президентінің орталығы» РММ директоры Темірболат Бақытжан мен Алматы Кітапханалары директоры Мейрам Бектембаев ресми түрде қол қойды. Кітапхана ісі саласындағы әріптестік жаңа жетістіктерге қол жеткізеді деген сенімдеміз. Меморандум аясында тараптар кітапхана қорларына қолжетімділікпен алмасып, қазақстандықтар арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған түрлі бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ. Бұл ретте тараптар кітапхана ісін жетілдіруге бағытталған заманауи жұмыс әдістерін пайдалануға күш салатын болады. Бірлескен қызметіміз кітапханаларымыздың дамуын жаңа...

    Толығырақ

    Музафар Әлімбаевтың құрметіне әдеби кездесу: шабыт пен шығармашылыққа 100 жыл

    Қазақстан жазушылар кітапханасында жазушы, ақын, балалар әдебиетінің өкілі М.Әлімбаевтың туғанына  100 толуына орай «Мұзафар Әлімбаев және балалар әдебиеті» атты әдеби рандеву өтті. Атаулы шараға қатысушы «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының тәрбиеленушілеріне кітапхананы таныстыру мақсатында экскурсия жүргізіліп, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Презентация арқылы қаламгердің өмірбаяны таныстырылып, еңбектерін насихаттау барысында кітап көрмесіне шолу жасалынды. Қатысушылар М.Әлімбаевтың шығармашылығынан алынған өлең жолдарын оқып өз өнерлерін көрсетті. Кешіміздің қонағы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, балалар әдебиетінің өкілі Мағира Қожахметова қаламгер өмірінен сыр шертіп, балаларға арналған «Балбұлақ» журналын тарту етті. Шара барысында қатысушы балалардың білімін шыңдауға арналған...

    Толығырақ

    “Қыран елім – Қазақстан!”

    № 14 кітапхана-бөлімшесінде Республика күніне орай “Қыран елім - Қазақстан!” атты мерекелік шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - Отан туралы оқушыларға түсіндіру, патриоттық сезімдерін нығайтып, еңбекке, қайсарлыққа баулу.  М.Базарбаева атындағы №138 мектеп гимназиясының 4-сынып оқушылары ұлттық құндылықтарымыз бен Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған ойындарға қатысып, өз білімдерін сынап қайтты. Мерекелік шара оқушылардың Егемен елімізге арналған өлеңдерін оқып, кішігірім сыйлықтар табыстаумен қорытындыланды. Сонымен қатар, балалар кітапхананың кітап қорымен танысып, кеш үшін алғыстарын білдірді.

    Толығырақ

    «Менің елім – Қазақстан» атты патриоттық мерекелік кеш

    Қазақстан Жазушылар Кітапханасында қазан айының 19-ы күні Республика күніне орай «Менің елім - Қазақстан» атты патриоттық мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште әскери курсанттардың және оқырмандардың орындауында "Туған жер", "Отан", "Атамекен" тақырыбындағы рух беретін патриоттық өлеңдер оқылып, әндер шырқалды, ұлт болмысы күмбірлеген күй тартылды.

    Толығырақ

    Кітапханашы күніне арналған салтанатты іс-шара

    Алматы Кітапханалар кәсіби мереке - Кітапханашылардың күніне орай кітапхана ісі ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Майлибаев Ғани Айдарұлы құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана ардагерлерін мерекемен құттықтап, қала мәдениетін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін оларға алғыс білдірді. Іс-шара барысында ардагерлерді кітапхана саласындағы көп жылғы еңбектері үшін Алғыс хаттармен марапаттау рәсімі болып өтті. Осы түрдегі бұл шара алғаш рет болып өтті және барлық қатысушыларға жарқын әсер қалдырды.Ардагерлер үшін шығармашылық қойылымдар мен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Өз кезегінде Алматы Кітапханалары директоры Бектембаев Мейрам Еркенұлы Алматы Кітапханалары жанынан Ардагерлер кеңесін...

    Толығырақ

    Кітапханалық және ақпараттық қызметтердегі жаңа үрдістер мен технологиялар

    Алматы Кітапханалары 76 қызметкері Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінің «Кітапханалық-ақпараттық жүйе: Кітапханалық және ақпараттық қызметтердегі жаңа үрдістер мен технологиялар» тақырыбында барлығы 72 сағатты құрайтын курстан оқытудан өтті. 19 қазан күні А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында тамыз айының 3 нен 1 қазан аралығына дейін жалғасқан біліктілікті арттыру курсынан өткен қызметкерлерге сертификат табыстау рәсімі өткізілді. Құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!

    Толығырақ

    Оралхан Бөкеевтің 80 жылдығына арналған «Ұлт зиялыларының ұлағаты» библиографиялық шолу

    Қазақстан қашанда дарынды жазушылар мен әдебиет қайраткерлеріне бай, сондай біртуар тұлғалардың бірі – Оралхан Бөкеев. Туғанына 80 жыл толуына орай №15 кітапхана мен №11 орта мектеп кітапханасы бірлесе отырып, қазақтың көрнекті жазушысы, драматургі, журналисіне тағзым ету мақсатында «Ұлт зиялыларының ұлағаты» тақырыбында библиографиялық шолу өткізді. Оның шығармаларынан үзінділер оқылды, бұл көрермендерге оның мәтіндеріне тән атмосфера мен эмоцияларды сезінуге мүмкіндік берді. 1943 жылы 26 қыркүйекте дүниеге келген Оралхан Бөкеев қазақ әдебиетінің тарихында ұмытылмас із қалдырды. Оның шығармашылығы көптеген ұрпақтар үшін әдебиет сүйер қауымды шабыттандырады. Бұл оқиға студенттер мен ұстаздардың жүрегінде терең із...

    Толығырақ

    • « Первая
    • «
    • ...
    • 6
    • 7
    • 8
    • 9
    • 10
    • ...
    • »
    • Последняя »

    Мекен-жайы:

    Алматы қаласы Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 109

    Байланыс орталығы:

    +7 (727) 338-77-30

    Электрондық поштаның адресі:

    info@almatylibrary.kz
    Бізбен байланысу

      , согласие на сбор и обработку персональных данных данных